Қазақстан Шығыс Еуропаның бірқатар елінің деңгейіне жетті – Елбасы

17 Қараша 2021, 15:36
859
Бөлісу:
Қазақстан Шығыс Еуропаның бірқатар елінің деңгейіне жетті – Елбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Астана клуб» отырысына онлайн қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Біз елімізге 350 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тарттық. Халқымыздың әл-ауқаты арта түсті. Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінің деңгейі мен ТМД-дан кейін 2-ші орынға шықты. Яғни, Ресейден кейінгі орынға шықтық. Ұлттық қор құрдық. Бұл ұрпақ үшін өте маңызды. Біздің алтын валюта қоры қазіргі таңда 100 млрд долларды құрайды. Белсенді түрде экономиканың басқа да салалары дамтылып жатыр, – деді ол.
Елбасы атағандай, шикізат ресурстарына тәуелділіктен арылу үшін бұл өте маңызды.

Теңізге шығатын жол болмағанына қарамастан, бізде 15 мың шақырым автомобиль және теміржол жолдары салынды. Оның нәтижесінде біз Атлант мұхиты мен Парсы шығанағына дейін шығуға мүмкіндік алдық. 5620 шақырым жол салынған болатын. Ал КСРО кезінде бір ғана 1424 шақырымдық Түріксіб салынған болатын. Ал біз қысқа уақытта қандай жетістіктерге жеттік. Басқаша айтқанда Қазақстан Азия мен Еуропаны, Оңтүстік пен Солтүстікті қосатын көпірге айналды, - деді Назарбаев.
Ол атағандай, Қазақстан мемлекеттік шекараны заңды түрде рәсімдеді.

Оның ұзындығы – 15 мың шақырым. Көршілес ірі мемлекеттер, Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерімен өзіндік татулық, сарабдал қарым-қатынас негізінде байланыс құрдық. Сондай-ақ АҚШ, Еуропа, Жапония, Иран мемлекеттерімен ынтымақтастықты арттырдық. Әлемдегі 4-ші ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тартып, Семей ядролық полигонын жапқан болатынбыз, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Өзгелердің жаңалығы