Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтеді

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 18-22 қазанда Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он үшінші отырысы өтті, деп хабарлады СІМ ресми сайты.<br> </p>

 25 Қазан 2021 2021, 16:50
25 Қазан 2021 2021, 16:50
45321

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 18-22 қазанда Мәскеуде Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз он үшінші отырысы өтті, деп хабарлады СІМ ресми сайты.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітті, мемлекеттік шекара сызығындағы әртүрлі учаскелерді белгілеуге байланысты кешенді мәселелерді талқылады, сондай-ақ алдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын әзірлеуді жалғастырды.

Комиссияның келесі отырысы 2021 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.

Наверх