Қазақстан полициясы митинг кезінде тәртіп бұзғандарды тек физикалық күшпен ғана тоқтатады – министр

11 Маусым 2021, 13:50
3653
Бөлісу:
Қазақстан полициясы митинг кезінде тәртіп бұзғандарды тек физикалық күшпен ғана тоқтатады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев митинг кезінде полицейдің кеттлинг қолдануына қатысты түсінік берді.

Министр бұл тәжірибе бүкіл әлемде қолданылатынын айтып отыр. 

Мұнда көлік құралдарымен, турникеттермен және полиция қызметкерлерінің жұмыс күшімен бұғаттау әдістері қолданылады. Олар біздің ішкі бұйрықтарымызда және нұсқаулықтарымызда егжей-тегжейлі көрсетілген. Тек «кеттлинг» деп жазылмайды. Шын мәнінде «адамдардың заңсыз жиналып, қоғамдық тәртіпті бұзуын қоршауға алу» деп аталады. Біз бірнеше рет рұқсат етілмеген митингтер өткізілген жерлерді жауып тастадық. Бірақ басқа елдердің полициясынан айырмашылығымыз - біз су зеңбіректерін, флэш-гранаттарды қолданған жоқпыз. Қазақстан полициясы үнемі қарусыз тұрады. Ешқашан дубинка, көзді жасаурататын газ пайдаланбаған. Құқық бұзушылардың жолын тек физикалық күшпен ғана тоқтатып жүр, - деді Тұрғымбаев ОКҚ брифингінде.

Оның сөзіне қарағанда, тәртіп сақшылары полиция қоршауға алған жерден кеткісі келетіндерді босатады екен.

Сіз азаптайды деп отырсыз. Мұндай тек бір ғана себеппен болған жоқ. Біз ол қоршаудан шыққысы келетіндердің бәрін қайтарып жібердік. Біз оларға су ұсындық, тамақ ұсындық. Зорлық-зомбылық болған емес. Үнемі жедел-жәрдем мен дәрігерлер отырды, - дейді министр.

Сонымен қатар оған қазақстандық полицейлердің беларусьтік полиция қызметкерлерімен тәжірибе алмасуы туралы сұрақ қойылды.

Ешқандай тәжірибе алмасқан жоқ. Біздің өз жұмыс тәжірибеміз бар. Негізінен біз тәжірибені жұмыс барысында аламыз. Әр елдің өз ұлттық заңнамасы бар, әр елдің өз тәсілі болады, - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Айта кетейік, бұған дейін патрульдік қызметкерлер кроссовкамен жүретіні анықталды.
Өзгелердің жаңалығы