Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 7-11 маусымда Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының 84-отырысы өтті.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарттың жобасын талқылауды жалғастырды.
Келесі отырыс Өзбекстан Республикасында жоспарланған.