Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдулазиз бен Абдулла бен Абдулрахман әл-Дауд мырзамен кездесті.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 2020 жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігіне Сауд Арабиясымен ҮАК-қа жетекшілік ету берілгенін және қазіргі уақытта Қазақстан – Сауд Арабиясы үкіметаралық комиссиясының алдағы 5-ші отырысына дайындық қарқынды жүріп жатқанын хабарлады.
Екі жақты қарым-қатынастардағы маңызды оқиға жан-жақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, қазақстандық және Саудтық экспорттаушылардың екі елдің нарығына шығуына жәрдемдесу, банк және жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастық болып табылады, - деді Бақыт Сұлтанов.
Сонымен қатар, қазақстандық тарап Саудтық тарапқа Қазақстан-Сауд Арабиясы үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысын 2021 жылдың күзінде Нұр-Сұлтан қаласында өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Қазақстан мен САК ет және ет өнімдерін өндіру бойынша бірлескен жобаларға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан өзекті болып табылатын дәнді дақылдар, ұн және т.б. өндіру саласына қызығушылық білдіруде. Қазақстандық тамақ өнімдерін өндірушілерді САК нарықтарына шығаруға, стандарттарды, техникалық реттеу және сертификаттау жүйесі үндестіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Сонымен бірге, SaudiExim банкінің қазақстандық банктермен қаржы саласында ынтымақтастық орнату, жобаларды бірлесіп қаржыландыру бөлігіндегі ұсыныстары қызығушылық тудырады.
Осы және басқа да мәселелер алдағы ҮАК күн тәртібінде қаралатын болады.
Өз кезегінде, Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдулазиз бен Абдулла бен Абдулрахман әл-Дауд САК Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастарды сапалы жаңа деңгейде көтеруге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік индустрия саласындағы ынтымақтастықты арттыруға, елдер арасында әуе қатынастарын ашуға, инвестициялар тартуға және т.б. ұмтылатынын хабарлады.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан-Сауд Арабиясы үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының нәтижесі өзара сауданы дамыту бойынша САК мен Қазақстанның бизнес қауымдастықтарының қарым-қатынасын құру болып табылады деген пікір білдірді.