Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда өтіп жатқан VII Еуразиялық антимонополияға қарсы форум аясында РФ «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті жанындағы БРИКС бәсекелестік құқық және саясат халықаралық орталығы (ЭЖМ ҒЗУ) мен ҚР Бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат халықаралық орталығын стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды.
Тараптар келісімге қол қою арқылы Ресей мен Қазақстанның сараптама орталықтары Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі бәсекелестікті дамыту және қорғау мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық-талдау алаңын қалыптастырып, оны жоғары технологиялық нарықтарда, сондай-ақ ерекше маңызы бар өзге де нарықтарда монополияға қарсы реттеу саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге уағдаласты.
Бұдан бөлек, екі елдің зерттеушілері бірігу және қосу бойынша мәмілелердің салдарларына бірлескен талдау жүргізіп, экономикалық шоғырлануды бақылау шеңберінде осы шешімдер бойынша бәсекелес ведомстволарға кеңес беретін болды. Сондай-ақ, бірлескен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – бәсекелестікті қорғау саласындағы реттеуді жетілдіруге бағытталған заң жобаларын әзірлеуге қатысу.
Естеріңізге сала кетейік, ынтымақтастық туралы шешім осы жылдың маусым айында Мәскеуде Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің, Ресей ФМҚҚ (ФАС) басшысы Максим Шаскольскийдің және БРИКС бәсекелестік құқық және саясат халықаралық орталығының директоры Алексей Ивановтың үшжақты кездесуінде қабылданған болатын.
Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі БРИКС-ке қатысушы елдердің периметрінде ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Ресей БРИКС орталығы мен Қазақстанның бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат халықаралық орталығы арасындағы келісімге қол қою БРИКС орталығының платформасында құрылған сарапшылық қоғамдастықпен бәсекелестік заңнаманы және цифрлық экономика жағдайындағы саясатты дамыту бөлігінде біздің жұмысымызды күшейту және қарқыны дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады, - деп атап өтті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.
БРИКС бәсекелестік құқық және саясат халықаралық орталығының директоры Алексей Иванов өз кезегінде Қазақстанмен ЕАЭО-ның негізгі қатысушыларының бірі ретінде бірыңғай еуразиялық кеңістікте бәсекелестікті қорғау бойынша конструктивті жұмыс қалыптасып келе жатқанын жеткізді.
Біз БРИКС желісі бойынша монополияға қарсы ынтымақтастықты едәуір кеңейту және өзге елдерден серіктестерді қосу арқылы оған көп мән береміз, сондай-ақ бәсекеге қабілетті ведомстволар мен академиялық қоғамдастықтарды неғұрлым тығыз ықпалдастыру мүмкіндігін көріп отырмыз. ЕАЭО мен БРИКС-тің ұштасуын қамтамасыз ететін «БРИКС +» форматы ұқсас мүдделері бар мемлекеттердің позицияларын нығайтуға және үйлестірілген түрде ортақ күш-жігермен дамудың күн тәртібін ілгерілетуге және монополияға қарсы реттеу құралдарымен әлемдік экономиканың теңгерімсіздіктерін еңсеруге мүмкіндік береді, – деді ол.