Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Вилле Скиннаримен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша келіссөздер өткізді.
Оған Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жанна Сәбитқызы Сартбаева қатысты.
Қазақстан мен Финляндия арасында әріптестік өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың тиімді тетігі жолға қойылған. Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы табысты жұмыс істеуде.
Елдер арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-наурызда $111,2 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе жоғары, - деді қазақстандық министр. - Қазақстаннан Финляндияға Экспорт 2021 жылдың бірінші тоқсанында 80,8 есеге өсіп, $86,4 млн құрады.
Сонымен қатар, Қазақстан-Финляндия қарым - қатынастарының нығаю перспективасы бар, - деді Сұлтанов. - Өзара сауданың қолда бар құрылымын өзгерту үшін Қазақстанның сауда министрлігі мұнай-химия, тамақ, металлургия, машина жасау, химия салалары өнімдерінің 40 атауынан және құрылыс тауарларынан әлеуетті тауарлардың тізбесін қалыптастырды.
Қазақстандық өндірушілердің артықшылықтары туралы айта отырып, Бақыт Сұлтанов елімізде 60-тан астам органикалық өнім өндірушілер туралы хабарлады. Олардың бір бөлігі қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың уәкілетті органдарында аккредиттеуден өтуде.
Әңгіме барысында Бақыт Сұлтанов Финляндияның жоғары технологиялар саласындағы жетістіктерімен танымал екенін және Қазақстан осы салада тәжірибе алмасуға және ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін атап өтті.
Қазақстан тиімді ыңғайлы географиялық жерде орналасқан, шекаралас елдердің нарықтарына қол жеткізе алады, бұл оны халықаралық болу перспективасымен тартымды өңірлік азық-түлік хабына айналдырады. Қазақстан аумағында 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Инвесторлар үшін жеңілдіктер бар, үкімет инвесторлардың құқықтарын қолдауға және қорғауға кепілдік береді. Фин инвестицияларын тарту үшін "Қорғас" ШЫХО әлеуетін пайдалануды, сондай-ақ оны ҚХР нарығына көтерме - бөлшек экспорттау үшін алаң ретінде пайдалануды ұсынғым келеді, - деді ҚР сауда және интеграция министрі.
Өз кезегінде Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі В.Скиннари Ресей Федерациясы мен ҚХР арасындағы қарым-қатынастар аясында, сондай-ақ еуропалық қауымдастықпен ынтымақтастық аясында бизнес пен сауданы дамыту мәселелерін талқылауға келгенін атап өтті.
Біз Финляндияның жетекші компанияларының өкілдерімен ынтымақтастықтың нақты нұсқаларын талқылау үшін келдік. Финляндияның жоғары технологияларын ескере отырып, біз ынтымақтастығымызды дамытып, серпіліс жасай аламыз деп ойлаймын. Сондай-ақ, біз логистика, цифрландыру, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Біз сауда серіктесі болуға және ЕО нарығында орын алуға Қазақстанды қолдауға дайынбыз, - деді В.Скиннари.
Осыған байланысты, бизнес-топтар арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында қазақстандық тарап тұтынушыларды қазақстандық және фин өндірісінің өнімдерімен таныстыру үшін онлайн-форматта сауда миссияларын өткізуді қарастыру мүмкіндігін ұсынды.