Қазақстан мен АҚШ экономикалық әріптестікті күшейтуге бағытталуда

2 Шілде 2019, 12:38
2627
Бөлісу:
Қазақстан мен АҚШ экономикалық әріптестікті күшейтуге бағытталуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов өзінің АҚШ-қа ресми сапарының бірінші күнінде «US-Kazakhstan Business Association» мүшелерімен іскерлік және американдық жетекші компаниялар мен корпорациялар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы америкалық іскер топтардың өкілдерін Қазақстандағы соңғы оқиғалармен таныстырды.

«Біздің елімізде президенттік сайлау өтті. Билікті Конституцияға қатаң сәйкестікте берудің бейбіт процесі қамтамасыз етілді. Бұл экономикалық әріптестер мен инвесторларға Қазақстанның тұрақтылығы мен табысты дамуына кепілдік берді», - деді Б. Атамқұлов.

Қазақстандық тарап америкалық компаниялардың біздің елге қызығушылығын бағалайтынын және американдық бизнестің ұзақ мерзімді қатысуын кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Қазақстан одан әрі халықаралық нарықтарға экспорттау үшін қосылған құны жоғары қызметтер мен тауарлар өндіруге арналған алаң ретінде әрекет бола алады және болуға тиіс.

Халықаралық салық салу және инвестициялар жөніндегі орталықтың басшысы Дэниел Уитт Қазақстанға президент сайлауындағы тәуелсіз бақылаушы ретінде келіп, ашық және әділ сайлауды ұйымдастырудағы айтарлықтай прогресті атап өтті.

«Жалпы, сайлау өте ашық өтті. Қазақстанда билікті белгілі бір мұрагерге беру емес, ел Президентін сайлауға мүмкіндік берген толыққанды сайлау өтті», - деп атап өтті ол.

Экономикалық уағдаластықтардың сабақтастығы халықаралық әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім береді, деп толықтырды Д. Уитт.

Сыртқы істер министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономиканы әртараптандырудың жүргізіп отырған саясатын ескере отырып, Қазақстан ірі жоғары технологиялық жобаларды, оның ішінде өңдеу және қайта өңдеу өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, коммуникация және IT-технологиялар саласында жүзеге асыру үшін американдық тәжірибе мен капиталды ауқымды тартуға мүдделі екенін атап өтті.
«Medtronic» компаниясының вице-президенті Тревор Ганнамен кездесу барысында Министр денсаулық сақтауды жаңғырту басымдықтарына, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде, цифрландыру және ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық және тиімді әдістерін жылдам енгізуге назар аударды. Осы компаниямен жабдықтарды жеткізу және кадрларды оқыту саласында оң ынтымақтастық атап өтілді. «Medtronic» бұл саладағы ең ірі компаниялардың бірі екенін ескере отырып, жаңа медициналық технологияларға қол жеткізуге Қазақстанның қызығушылығы расталды.

«Citi Group» компаниясының Аға вице-президенті Рик Джонстонмен келіссөздер барысында Б. Атамқұлов Қазақстанның әлемдік қаржы кеңістігіне кіруге және халықаралық инвестицияларды тартуға көп жылдық қолдауын ерекше атап өтті. «Citi» Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторындағы ең ірі батыс инвесторларының бірі және Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық корпорациялардың басым көпшілігінің негізгі серіктесі болып өзін сенімді корпоративтік банк ретінде көрсетті.

Ауыл шаруашылығы секторы ынтымақтастық үшін айтарлықтай перспективаға ие. Қазақстанда жасалған шарттар озық әлемдік технологиялармен үйлесе отырып, еліміздің агроөнеркәсіптік секторы өнімділігінің өсуін және азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлемдік жүйесінде өз орнын алуға мүмкіндік береді.
«Exxon Mobil» корпорациясы Қазақстанның мұнай өндіру саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді және көмірсутектерді өндіру саласындағы негізгі ойыншы болып қала береді.

Қазақстан америкалық компаниялармен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және мұнай-химия кәсіпорындарын салуға американдық инвестициялар мен озық технологияларды тартуға мүдделі.

«Біз «Теңгіз» және «Қашаған» мұнай орындарын дамыту жобаларына қатысты компанияның табысты жұмысын жоғары бағалаймыз. Бұл жобалар біздің ел үшін маңызды. Қазақстан «Қашағанды» толық ауқымды игеруді жүзеге асыруға және мұнай өндіруді ұлғайтуға мүдделі», - деп атап өтті СІМ басшысы.
  
АҚШ Қазақстан экономикасының ірі инвесторы бірі болып қала береді және біздің ел әлемдік экономиканың түрлі салаларындағы инновациялар мен озық әзірлемелердің көзі ретінде қарастырылады.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы қаңтардағы АҚШ-қа сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды табысты іске асыру аясында екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықтың белсенді өсуі байқалады.

2018 жылы ҚР мен АҚШ арасында экономикалық бағыттағы 30-дан астам бірлескен іс-шаралар өткізілді. Олардың ішінде 2018 жылдың қазан айында АҚШ Сауда министрі Уилборо Росс бастаған АҚШ-тың сертификатталған сауда миссиясының Астанаға сапары, өткен жылдың күзінде Нью-Йорк қаласында халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің (CFR) штаб-пәтерінде Қазақстан бойынша инвестициялық конференция өткізу өте нәтижелі болды.

Қазақстан экономикасына американдық инвестициялардың құйылуы жылдық кезеңде абсолюттық рекордты құрап, 5.3 млрд. долларға жетті және екі есеге дейін өсу көрсетті (44,7%). 2018 жылы тауар айналымы үш есе өсіп (37%), 5,3 млрд. доллар құрады, ал бұл 2017 жылмен салыстырғанда 44,7%-ға артық (3,6 млрд.).

Өзгелердің жаңалығы