Қазақстан Қытайдан коронавирусқа қарсы вакцина сатып алады

27 Наурыз 2021, 12:40
1804
Бөлісу:
Қазақстан Қытайдан коронавирусқа қарсы вакцина сатып алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Қытайдың Sinovac вакцинасының 3 млн дозасын, ресейлік «Спутник Лайттың» 1 млн дозасын сатып алатынын айтты. 

Алматыдағы медициналық қоғамдастық отырысында министр Pfizer вакцинасы бойынша келіссөздер қатар жүргізіліп жатқанын айтты.

Қазір Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілген ресейлік «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасы ел бойынша жеткізілуде, - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, 750 мың доза Қарағандыдағы зауытта өндірілген.

Қазір олар бар. Оларды өңірге жеткізуді қамтамасыз етіп жатыр. Менің ойымша, келесі аптада барлығы жеткізіледі. Қарағандылық фармзауыт елге 1 млн доза шығарады. Сонымен қатар шамамен 2 миллион доза, яғни 3 миллион доза сәуір айында елге келеді, - деді Алексей Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейін 6 миллион азаматты коронавирусқа қарсы егу жоспарлануда. Жақында Қазақстан Ресейден Ресей вакцинасының 4 миллион дозасын қосымша жеткізуді сұрады.

Өзгелердің жаңалығы