Қазақстан-Қытай шекарасындағы 2 өткізу бекеті уақытша жабылады

13 Маусым 2021, 00:40
1757
Бөлісу:
Қазақстан-Қытай шекарасындағы 2 өткізу бекеті уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Қытайдың шекарасында екі автокөлік бақылау бекеті уақытша жабылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады.

Қытай тарапының «Дуань-У» мерекесін атап өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктері туралы келісімнің негізінде 2021 жылғы 14 маусымда «Нұр Жолы» және «Достық» автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, – деп жазылған хабарламада.

ҚР ҰҚК қазіргі уақытта Қазақстан – Қытай шекарасында 2 темір жол өткізу пункті («Достық» және «Алтынкөл») және 3 автомобиль («Нұр Жолы», «Достық», «Бақты») жұмыс істейтінін,  карантиндік шектеулерге байланысты тек жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатынын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы