Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді.</h4>

 17 Қараша 2020 2020, 09:06
17 Қараша 2020 2020, 09:06
2196

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді.

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі. 

Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.


Наверх