Қазақстан құрамасы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионы атанды

5 Қыркүйек 2021, 20:39
21629
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасы жауынгерлік қанат жаюда әлем чемпионы атанды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Бүгін Қарағанды қаласында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аясында жарыстың соңғы кезеңі өтті.

9 ерлер және 5 әйелдер командасы жауынгерлік қанат жаюдағы біріншілік үшін күресті. Өрт сөндіру-құтқару спортының бұл командалық түрі өртке келген кезде өрт сөндірушілердің іс-әрекеттерін имитациялайды. Бұл кезеңнін мәні - магистральдық жең желісін тез және дұрыс төсеу және нысанды су ағынымен «зақымдау». Нысана ортасындағы тесік арқылы сыйымдылықты он литр су толтырғаннан кейін зақымданған болып саналады.

Ерлер командалары арасындағы жарыс 25,55 секунд нәтижесімен Қазақстан Республикасының құрама командасының жеңісімен аяқталды.

2 орынды 26,85 секунд нәтижесімен Чех Республикасының командасы иеленді. 3 орында 27,14 секунд нәтижесімен Австрия Республикасының құрамасы.

Тартысты күрес қорытындысы бойынша әйелдер командалары арасында 1 орынды 26,35 секунд нәтижесімен Чех Республикасының командасы иеленді. 2-ші орында 26,67 секунд нәтижесімен Беларусь Республикасының командасы. Үшінші орынды 27,04 секунд нәтижесімен Қазақстан Республикасының командасы иеленді.


Өзгелердің жаңалығы