Қазақстан кубогінің ІІ кезеңі: Биатлоншы Мухин мен Климина топ жарды

<h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Щучинскте биатлоннан Қазақстан кубогінің екінші кезеңі басталды. Бүгін, 29 наурыз күні жекелей сайыс бойынша үздіктер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz<br> </h4>

29 Наурыз 2021 2021, 22:07
АВТОР
 29 Наурыз 2021 2021, 22:07
29 Наурыз 2021 2021, 22:07
1274

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Щучинскте биатлоннан Қазақстан кубогінің екінші кезеңі басталды. Бүгін, 29 наурыз күні жекелей сайыс бойынша үздіктер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz

Ерлер арасында Ақмола облысының өкілі Александр Мухин үздік атанды. Павлодарлық Максим Браун екінші, СҚО спортшысы Сергей Сирик үшінші болды.  

Ал әйелдер арасында павлодарлық Дарья Климина мәре сызығын бірінші болып кесті. ШҚО өкілі Галина Вишневская-Шепоренко екінші, оның командаласы Елизавета Бельченко үздік үштікті қорытындылады. 

Наверх