Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «WORLDCOM» төрағасы Хесус Моран «Bizz Eurasia 2022» көрмесін өткізуге арналған брифингте айтты.
Ол атап өткендей, мамыр айында өтетін іс-шараға шақырылған 250 инвестор келеді.«WORLDCOM» ұйымының құрамында 130 елдің 3 500 мүшесі бар. Біз Хьюстонда 2004 жылы, яғни осыдан 17 жыл бұрын құрылдық. Сол уақыттан бері жылына үш ірі іс-шара өткізіп келеміз. Оның бірі Еуропаға, бірі Америкаға, енді бірі Азияға бағытталған. Біз өз мүшелерімізді осы іс-шаралардың барлығына шақырамыз. Олар Қазақстаннан үлкен үміт күтіп отыр. Осы елге келуге асық, - деді Моран.
Ол айтқандай, Қазақстан бұл шараны өткізу бойынша байқауды 2 жыл бұрын ұтып алды.Келушілердің жоғары мәртебесі мен кәсібилігін де атап өткен жөн. Олардың барлығы «Bizz Awards» сыйлығын алуға келеді. Сол себепті де олардың деңгейі жоғары болып отыр. Шарада инвесторлар бір-бірімен араласып, келіссөздер жүргізе алады. Ұйымдастырушылар Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы инвесторларға жеткізе алады, - деді Хесус Моран.
Қазақстан бұл байқауда Макао мен Сингапур, Индонезиямен бәсекеге түсті. Біз мамырда өтетін іс-шараға дайындық үшін Қазақстанға келдік. Мамыр айында келетін инвсеторлардың да үміті ақталады деп ойлаймыз, - деді ол.