Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.
Президент әлемдегі алпауыт елдер мен өңірдегі ықпалды мемлекеттермен тең дәрежелі әрі тиімді ынтымақтастық орнатуды төртінші мәселе ретінде атады.Су дипломатиясы бойынша келіссөздерді тезірек аяқтау Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің және Ресей мен Қытайдың ортақ мүддесіне сай келеді деп санаймын. Трансшекаралық су ресурстарын әділ және тиімді пайдалану аймақта азық-түлік қауіпсіздішгін амтамасыз етудің басты кепілі болмақ, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Қазіргі геосаяси текетірес белең алуда. Қазақстан ешкіммен жауласпайды. Халықаралық дауларға ілікпейді. Біздің таңдаған жолымыз айқын. Прагматизмге негізделген салмақты әрі салиқалы саясаттан еш айнымаймыз. Біз екіжақты және көпжақты міндеттемелерден бас тартпаймыз.Даулы мәселелер туындаса,ұлттық мүддемізге сай ұтымды шешім табуға ұмтыламыз, - деді Тоқаев.