Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Нұрлан Жалғасбаев Үндістанның Атом энергиясы департаментінің (АЭД) төрағасы Камлеш Нилкант Вяспен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мумбай қаласында өткен кездесу барысында тараптар ядролық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Елші сұхбаттасушысын Қазақстанның ядролық саласын дамыту жоспарлары туралы хабардар етті, сондай-ақ жаһандық уран нарығы мен ядролық отын өндірісінің перспективалары туралы пікір алмасты. Қазақстан мен Үндістан арасындағы қолданыстағы және перспективті келісімдер шеңберінде ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі нақты мәселелері қаралды.
АЭД басшысы екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, Қазақстанның Үндістанға уранды жеткізудегі маңызды рөлін атап өтті.