Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс болды?

10 Қараша 2020, 09:07
1916
Бөлісу:
Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында айтты

Биылғы 10 айда Қазақтан экономикасында келесі өзгерістер байқалады. Өндіруші емес секторларға салынған инвестициялар ұлғайды, нақты секторда өсу сақталуда, қызметтер саласы тұрақтанды және экономиканы кредиттеу ұлғайып жатыр, - деді министр. 

Оның айтуынша, қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда қызметтер саласы өсуде, алайда шектеулік салалары әлі де теріс әсер етуде.

10 айдың қорытындылары бойынша тауарлар өндірісі 1,9%-ға өсті. Бұл ретте қызметтер көлемі 6,1%-ға қысқарды. Жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім 2,9%-ға төмендеді. Жылдық инфляция 7,1%-ды құрады, - деді ол. 

Дәленов атап өткендей, нақты сектор салаларының көбі және жекелеген қызмет түрлері жақсы өсу қарқынын көрсетті. 

Олар құрылыс, ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы,өңдеу өнеркәсібі. Сонымен бірге төмендеу көлік, сауда, ғылыми және техникалық қызмет, жылжымайтын мүлікпен операциялар, әкімшілік қызмет көрсету (4,4%-ға) салаларында байқалды, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы