Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы №21 ҚАУЛЫСЫ жарияланды.
Құжатқа сәйкес, COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында «Ashyq» жобасын Қазақстан Республикасының барлық өңірінде іске асыру бекітілген.
Атап өтсек еліміздің барлық өңірлеріне мынадай кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыру таратылсын делінген:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
- спа-орталықтары;
- сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
- боулинг клубтары;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы - алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- ерікті қатысушылар;
- караоке;
- көрмелер;
- океанариум;
- марафондар;
- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
- Алматы қаласының әуежайы;
- (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.
Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 18 қаулысының күші жойылды деп танылсын. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді,-делінген жаңа қаулыда.