Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гонконг ғылым және технология университетінде «Азия мен Еуропа арасында: Орталық Азия, Кавказ және Таяу Шығыстың дәстүрлі музыкасы мен ұлттық киімдері» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан, Түркия және Иран бас консулдықтарының қолдауымен ұйымдастырылып жатқан бұл көрме 2021 жылдың 24 наурызынан бастап 5 қыркүйекке дейін жалғасады.
Көрменің ашылу салтанатына дипломатиялық корпус өкілдері, университеттің президенті, профессорлар мен оқытушылар құрамы, Гонконгтың мәдениет орталықтарының басшылары және т.б. қатысты. Көрменің ашылу салтанатындағы концерт барысында сол ұлттардың музыкалық, ән және өлеңнен шығармалар орындалды, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан атынан Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойы қарсаңында «Науаи» күйі орындалды.
Сондай-ақ университеттің кітапханасына Бас консулдық қолдауымен басып шығарылған Қазақстан туралы және Абай мен әл-Фарабидің кітаптары мен олардың шығармаларын ағылшын, португал және қытай тіліндегі нұсқалары табысталды.