Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан балуандары жастар арасында әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

18 Тамыз 2021, 06:22
1503
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық балуан Нұрдәулет Қуанышбай жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Ресейдің Уфа қаласында еркін күрестен әлем біріншілігі өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан сапынан 74 келіде сынға түскен Нұрдәулет Қуанышбай финалға жолдама алды. 

Сонымен қатар, қазақстандық қос балуан ел қоржынына қос қоланы салды. 57 келіде  Есенгелді Асылжан қола жүлдегер атанса, Бекзат Ермекбай 65 келіде үздік үштіктен көрінді. 


Өзгелердің жаңалығы