Қазақстан әскери ынтымақтастықты қанша елмен орнатқан?

9 Шілде 2021, 14:44
3726
Бөлісу:
Қазақстан әскери ынтымақтастықты қанша елмен орнатқан?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев айтты.

Қазіргі уақытта еліміз 180-нен астам елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Шетелде Қорғаныс министрлігінің 25 әскери атташесі, елімізде 44 әскери дипломатиялық корпус өкілі жұмыс істейді. Ынтымақтастық екіжақты форматта халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысу аясында жүзеге асырылады. Бұл ретте әскери білім мен ғылым, жауынгерлік даярлық, әскери техникалық салаларымен бітімгершілік ұдайы дамытылып жатыр, - деді ол.

Дәндібаев айтқандай, әскери даярлыққа ерекше көңіл бөлінеді.

Әскери жеке құрамның әскери дайындығы ерекше назарға алынған. Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Түркия, Пәкістан, Италия елдерінің әскери құрылымдарымен бірлескен шаралар ұйымдастырылды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы