Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында өте маңызды оқиға болды. «Хабар» агенттігі «Kazakh TV» және «Хабар 24» арналарының енді Түркіменстан аумағында да таратылатыны туралы ресми растау алды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
Бұл біздің отандастарымыз-түрікменстандықтар үшін тамаша жаңалық, олар тек ана тілінде жаңалықтар мен бағдарламаларды қарап қана қоймай, сонымен қатар тарихи отанда болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат ала алады.
Бұл қадам шетелде тұратын қандастарымыздың мәдени және әлеуметтік байланыстарын сақтауға ықпал ететініне сенімдімін.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі отандық телеарналармен қамтуды тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Бүгінде Kazakh TV әлемнің 118 елінің аумағында хабар таратады, ал оның аудиториясы 300 миллионнан астам көрерменді құрайды, - деп жазды Аида Балаева.