Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Kazakh Tourism-ге бөлінген миллардтар өзін ақтап жатыр ма?

Олжас АДАЙ
8 Сәуір 2025, 11:45
829
Бөлісу:
 BAQ.KZ  архив
Фото: BAQ.KZ архив

Kazakh Tourism басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте туризмге бөлінген қаражатқа қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қаражат шамамен 20 пайызға қысқартылды. Жылына бөлінетін қолда бар бюджетке халықаралық 3-4 көрмеге қатысамыз. Басты мақсат – серіктестер тауып, елімізге туристер әкелу. Бұл жұмыстар жылда үзбей жасалады. Әлемдік бәсекелестікке назар салсақ, мәселен көршілес елдердің маркетингке жұмсап жатқан шығындары бізден кем дегенде 3-4 есе көп, – деді ол.

Оның айтуынша, биыл Kazakh Tourism-нің бюджеті 1,2 млрд теңге болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 3,2 млрд теңге болған.

Өзгелердің жаңалығы