Алматы, BAQ.KZ. «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ Бестөбе кенішіндегі жаңа шахтада 33 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып, қаза тапты. Бұл туралы Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 қазан күні өндірістік жұмыстар кезінде топырақ опырылып кетіп, соның салдарынан кәсіпорынның 1987 жылғы жұмысшысы топырақтың астында қалған, - делінген ведомство хабарламасында.
Қайғылы оқиға сағат 12:30-да болған. «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ құтқару отряды ер адамды топырақ үйіндісінің астынан алып шықты. Өкінішке қарай, жұмысшы Степногор қалалық ауруханасында көз жұмды.
Қазіргі уақытта кеніш штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр, - деді Степногор қалалық ТЖ басқармасының бастығы Еркебұлан Есенжолов.