Қазақ жастарының арасында K-POP, дорама сияқты ұғымдар трендке айналды – Елдос Нұрланов

8 Желтоқсан 2021, 18:26
2129
Бөлісу:
Қазақ жастарының арасында K-POP, дорама сияқты ұғымдар трендке айналды – Елдос Нұрланов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада «Қазақстандық оқулықтардағы Корея туралы контент» тақырыбында екі ел сарапшыларының қатысуымен семинар өтті.

Семинар кезінде Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Елдос Нұрланов екі елдің байланысы туралы айтып берді.

Корея әлемде қарқынды дамыған мемлекет ретінде алдымен экономикалық байланысқа бекем болса, бүгінде ұлттық ерекше мәдениетпен кеңінен танылып отыр. Біз көптен бері Корея өнімдерінің тұтынушысымыз. Бүгінгі күні Корей мәдениетін пайдаланып жүрміз. Әсіресе жастарымыздың арасында K-POP, дорама сияқты ұғымдардың трендке айналғанын білесіздер. Бұл жай ғана мода емес. Біздің елдеріміздің мәдениеті белгілі бір деңгейде ұқсас. Бізде азиялық халық ретінде үлкенді сыйлау, дәстүрді ұстану, ұят пен обал сияқты ұғымдар мәдениетіміздің өзегін құрайды. Сол себепті біз үшін Корейдің салт-дәстүрі, кино, музыка туындылары жақын келеді, - деп айтты ол.

Елдос Нұрланов атап өткендей, кейде өзге тілдердің аудармаларынан гөрі қазақ тіліндегі аударма әлдеқайда сіңімді. Бұдан бөлек, Корея азаматтары Қазақстанға Екінші дүниежүзілік соғысы қарсаңында ырықсыз жер аударылған ұлттардың бірі болды.

Қазіргі кезде корейлер еліміздің ең ірі 10 этникалық диаспораларының қатарында. Олар экономикамыздың барлық саласында сәтті қызмет етіп келеді.

2019 жылдан бері Білім және ғылым министрлігі жанындағы Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы Корея елшілігі және Кореятану орталығымен бірге Қазақстан мектеп оқулықтарындағы Корея жөніндегі мәліметтерді объективті насихаттау турасында жұмыс жүргізіп келеді. Біз корей оқушыларының ресми бекітілген оқулықтары арқылы Қазақстан, оның мәдениеті, тарихы мен географиясы туралы толық әрі нақты мәлімет алуына мүдделіміз. Орталық - елімізде мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар мен оқу әдебиеттеріне мемлекеттік сараптама жүргізетін ұйым, - деп атап өтті ол.


Өзгелердің жаңалығы