Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ әндері Уфа аспанында әуеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл күндері Башқұртстан астанасында алтыншы дүниежүзілік фольклориада өтіп жатыр.
Халықаралық өнер форумы 4 жылда бір ұйымдастырылады. Алғаш рет Ресейде өтті. Оған әлемнің 37 елінен фольклор ансамбльдері келген. Қазақстан атынан Ұлттық гвардияның ән және би ансамблі өнер көрсетті. Кешелі бері олар Башқұртстан өңірлерін аралап, концерт қойды. Жалпы форумға келген әр ұжым өз ұлтының дәстүрлі өнері мен мәдениетін паш етеді.
Биыл форум аясында екі әлемдік рекорд орнатылды. Яғни, 57 елдің және 71 ұлттың өкілінен құралған 2700 адам бірлесіп, хор айтты. Мәдени форум 10 шілдеде аяқталады. Жабылу салтанатында Ulytau тобы өнер көрсетеді деп жоспарланған.