Қаза тапқандар саны бойынша статистикадан асып кетуі жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

9 Мамыр 2021, 11:57
951
Бөлісу:
Қаза тапқандар саны бойынша статистикадан асып кетуі жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) «COVID-19 жалпы өлім-жітімін бағалау» атты жарияланған зерттеуінде ақпаратқа қатысты айқындық енгізуде.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің  статистика бюросының деректеріне сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны 4 729 адамды құрады. 2021 жылдың 4 айында КВИ-дан қайтыс болғандар саны 1 846 адамды құрады.

Осылайша, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда КВИ-ден 81 696 адам емес, 6 575 адам қайтыс болды. Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының көрсеткіштерінің дұрыс еместігі айқындалды. (ihme, АҚШ) 

Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2020 жылы қайтыс болғандардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 21,8% - ға немесе 29 124 адамға артып, 133 489 адамға қарағанда 162 613 адамды құрады. Осылайша, артық өлім-жітім 29 124 адамды құрады, бұл институттың мәлімделген көрсеткіштерін де жоққа шығарады.

Анықтама. КВИ – 4 729 адам немесе 16,2% - ды қоспағанда, адамдар басқа да өлімнен қайтыс болып жатты:

- қан айналымы жүйесінің аурулары, тыныс алу органдарының аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, жұқпалы және паразиттік аурулар.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде  «COVID-19-дан жалпы өлімді бағалау» денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) жүргізген зерттеулеріне сәйкес жарияланған статистикалық деректер Қазақстан Республикасында тіркелген нақты деректерге сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.

 

 

 



Өзгелердің жаңалығы