KAZ Minerals құрамына кіретін «Востокцветмет» ЖШС кәсіпорнында адам өліміне әкелген қайғылы жағдай болды. 2026 жылғы 30 мамыр күні шамамен сағат 20:30-да Артемьев шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапты.
Компания оқиға болғанын растады және марқұмның отбасына көңіл айтты.
2026 жылғы 30 мамыр күні шамамен сағат 20:30-да «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапқанын терең өкінішпен хабарлаймыз. Бұл – бүкіл ұжым үшін ауыр қайғы. Біз әріптесіміздің отбасы, туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпыз. Компания отбасыға қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетеді, – делінген ресми хабарламада.
Қайғылы оқиғадан кейін апат болған учаскедегі жұмыстар бірден тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін уәкілетті органдар өкілдері мен тиісті мамандардың қатысуымен тергеу басталды.
Жазатайым оқиға болған учаскедегі барлық жұмыс дереу тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында құзырлы мамандар мен уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен тергеу жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді компания.
Сондай-ақ KAZ Minerals компаниясы болған жағдайдың толық себебін анықтап, мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдау маңызды екенін атап өтті.
Компания үшін болған оқиғаның толық көрінісін анықтап, болашақта мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қандай қосымша шаралар қажет екенін түсіну аса маңызды, – деді баспасөз қызметі.
KAZ Minerals тобы басқарма төрағасы Андрей Третьяков арнайы құрылған комиссия мүшелерімен тұрақты байланыста екені және оқиға орнына бара жатқаны хабарланды.