«Қайырымды істер марафоны»: Балаларға арналған 400-ден астам жоба жүзеге асырылды

16 Маусым 2021, 20:32
1482
Бөлісу:
«Қайырымды істер марафоны»: Балаларға арналған 400-ден астам жоба жүзеге асырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Қайырымды істер марафоны» аясында бүкіл Қазақстан бойынша қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өтіп жатыр.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қайырымды істер марафоны» аясында қазақстандықтар балаларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арнап 400-ден астам акция мен қайырымдылық жоба ұйымдастырды.

«Қайырымды істер марафоны»: Балаларға арналған 400-ден астам жоба жүзеге асырылды

Мысалы, Қарағандыда демеушілердің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін робот-техника мектебі, сондай-ақ, Мейірімділік мектебі ұйымдастырылды, онда балалар қоршаған ортаға ұқыпты қарау, экология мәселелері туралы білім алып жатыр.

Түркістан облысында да «Қайырымды істер марафоны» дәстүрі жалғасуда. Онда Төле би ауданы балалар ауылының тәрбиеленушілеріне сыйлық жасалды: «Daryn.Online» білім беру платформасымен бірлесіп, Жастар ресурстық орталығы барлық оқушыға түрлі пәндер бойынша тегін жылдық курстар ұсынды.

Жалпы, биыл 16 маусымда «Қайырымды істер марафоны» республикалық жобасы аясында жыл басынан бері 7000-нан астам қайырымдылық және волонтерлік іс-шара іске асырылды.

«Қайырымды істер марафоны»: Балаларға арналған 400-ден астам жоба жүзеге асырылды

160 мыңнан астам мұқтаж азаматқа қолдау көрсетілді.

Марафонды ұйымдастыруға 100-ден астам ұйым, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ, «Верный капитал» компаниялар тобы, «ERG» және басқа да ірі компаниялар қосылды.


Өзгелердің жаңалығы