Қайықпен жабайы үйректерді қаққан балықшыларға айыппұл салынды

18 Желтоқсан 2020, 17:48
2245
Бөлісу:
Қайықпен жабайы үйректерді қаққан балықшыларға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий теңізінде жабайы үйректерді қағып кеткен екі балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 512-бабы 1-бөлігі бойынша ҚР аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимін бұзғандарға айыппұл салынды.

Барлық адамды табиғат пен қоршаған ортаны сақтауға, табиғи байлықтарымызға ұқыпты қарауға шақырамыз, - делінген Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК ШҚ хабарламасында.
Айта кетсек, 12 желтоқсанда желіде екі балықшының моторлы қайықпен жабайы үйректерді аяусыз қағып кеткені туралы видео тарады. Аталмыш оқиға жұрттың наразылығын туындатты. Кейіннен заң бұзушылар бірден табылып, тергеу амалдары басталғаны хабарланған болатын. 


Өзгелердің жаңалығы