Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй төлемдері төленеді

4 Наурыз 2021, 12:04
1767
Бөлісу:
Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй төлемдері төленеді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе жарақат алған полиция қызметкерлерінің отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын ала береді.  Сенаторлар бүгін заң жобасына түзетулер енгізіп, оны Мәжіліске қайтарды.

Сенатта  өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Заң жобасының ережесі ішкі істер органдарының кейбір қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа жүйесіне көшуді көздейді. Онда ай сайынғы тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қарастырылған.

Енді полиция қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленуде. Бұл тұрғын үйге меншік құқығын алуға мүмкіндік бермейді.  Заң жобасының қабылдануы бұл қаражатты жалдау ақысын төлеуге де, ипотекалық бағдарламалар шеңберінде тұрғын үйге меншік құқығын иеленуге, соның ішінде бөліп төлеу арқылы, кейіннен сатып алған кезде үйге жалдау ақысын төлеуге де мүмкіндік береді - деді сенатор Сергей Ершов.

Алайда, оның айтуынша, заң жобасында несиелік келісімшарт жасасып, ай сайын несиесін төлеп отырғанкезекші полицейлер қызмет барысында қайтыс болса немесе ауыр соққы, жарақат алғанда және миы шайқалған жағдайдағы төлдемдер мәселесі реттелмеген.

Бұл олқылық, сенатор атап өткендей, жағымсыз әлеуметтік салдар тудырады.  Мұндай қызметкерлердің отбасы мүшелері ипотекалық несие бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігінен айырылады және іс жүзінде әлеуметтік жағынан қорғалмаған болып қалады.

Заң жобасында асыраушысынан айрылған полиция қызметкерінің отбасын басқа тұрғын үй бермей, олар тұрған қызметтен шығаруға болмайтындығы көрсетілген.  Ал асыраушысынан айрылған, бірақ ипотекалық несиеге берілген тұрғын үйде тұратын бір отбасы тұрғын үйде тұру құқығынан да, ай сайынғы тұрғын үй төлемдерінен де айырылады. Ол Заң жобасында асыраушысынан айрылған полиция қызметкерінің отбасын басқа тұрғын үй бермей, олар тұрған қызметтен шығаруға болмайтындығы көрсетілген.  Ал асыраушысынан айрылған, бірақ ипотекалық несиеге берілген тұрғын үйде тұратын бір отбасы тұрғын үйде тұру құқығынан да, ай сайынғы тұрғын үй төлемдерінен де айырылады, - деді Ершов.

Ол ипотекалық шарт немесе кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді жалдау шарты бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін бұрын белгіленген тұрғын үй төлемдерін Үкімет белгілеген мөлшер мен тәртіпте сақтау ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы