Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футзалдан Алматы қаласында өтетін УЕФА чемпиондар лигасының элиталық раундының ойындар кестесі белгілі.
Естеріңізге сала кетейік, Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсінде Алматының "Қайрат" клубы Португалияның "Бенфика", Испанияның "Эль-Посо", және Италияның "Пезаро" клубтарымен бір топқа түскен болатын.
Бұл топтың ойындары 19-24 қараша аралығында Алматы қаласында "Балуан Шолақ" спорт кешенінде өтеді.
Айта кетейік, Алматы бұған дейін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойындарын үш рет қабылдаған (2011, 2017, 2019) және бір рет элиталық раундтың ойындарын өткізген (2016). Соңғы рет УЕФА Чемпиондар лигасының финалында көрермен саны жөнінен рекорд жаңартқан болатын.