Қайрат Сәтжанов: Алдағы Олимпиадаларда бокстан 3-4 алтын алу керек

8 Қыркүйек 2021, 19:25
10689
Бөлісу:
Қайрат Сәтжанов: Алдағы Олимпиадаларда бокстан 3-4 алтын алу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан күні кеше ұлттық құраманың бас бапкерлігіне тағайындалған Қайрат Сәтжанов жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы prosports.kz хабарлады.

Ол алдымен Ақтауда өтетін халықаралық турнирге, одан кейін қазан айының соңында әлем чемпионатына баратындарын айтты.

Бұл жарыстарға Токио ойындарына барған жігіттер қатыспайды. Бізде резерв бар, -деді ол.

Сонымен қатар алдағы Олимпиадада 3-4 алтын алумыз керектігін айтты.

Жастардың бабын бақылаймыз. Алдағы олимпиадада кемінде 3-4 алтын алып, жалпы есепте топ бастау қажет. Негізгі мақсат – 2024 жылы Париж Олимпиадасының жалпыкомандалық есебінде бірінші орын алу, - деп сөзін түйіндеді бапкер.

Айта кетейік, Қайрат Сәтжанов бұған дейін бокстан еліміздің жасөспірімдер және жастар құрамасын жаттықтырды. Енді ересектер құрамасының тізгінін алып отыр. Бұған дейін бұл қызметті Ғалымбек Кенжебаев атқарған. Ол өз еркімен қыметінен кетті.

Өзгелердің жаңалығы