Кавказ тауларындағы мұздықтар тез еріп барады

17 Шілде 2022, 14:44
2154
Бөлісу:
Кавказ тауларындағы мұздықтар тез еріп барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар осылай деп дабыл қағып жатыр. Кейінгі 20 жылда шыңдардағы мұз айдындарының 320 шаршы шақырым жері еріп кеткен.

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. 

100 жыл бұрын үлкен аумақты алып жатқан Гер-ге-ти мұздығы мүлдем азайып қалған. Ғалымдар мәселе климаттың өзгеруімен байланысты екенін айтып, шұғыл шаралар қабылданбаса кеш болатынын ескертеді. 

Өйткені Кавказ тауларындағы жағдай - мұздықтар 100 емес оншақты жылдың ішінде еріп кететінін көрсетіп отыр. Бұл өзендерді толтырып, халықты таза сумен қамтамасыз етіп отырған тіршілік көзінің таусылып, апатқа әкеледі - дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы