Катонқарағай ауданына әуежай салу жоспарда бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, өңірдегі әуежайлардың инфрақұрылымы 2018 жылдан бастап жаңғыртылып келеді. Мәселен Семей мен Өскемендегі әуе айлақтары жөнделді.
Алтайньюстің хабарлауынша, жақында Үржардағы ұшу-қону жолағы да жаңартылды.
Енді жарамдылық сертификатын аламыз. Содан кейін аудандағы әуежай жұмысын қайта бастайды, – дейді ведомство басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева.
Оның айтуынша 2024 жылға дейін Зайсандағы әуежай да жөнделеді.
Оған қоса болашақта Катонқарағай ауданында әуежай салу жоспарда бар, – деді Айжан Рахымбаева.