Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Катонқарағайда 10 мектеп қашықтықтан оқытуға көшті

19 Қаңтар 2023, 16:13
1169
Бөлісу:

Шығыс Қазақстан облысының тағы бір ауданында оқушылар мектепке бармайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аязға байланысты Катонқарағай ауданындағы он мектеп қашықтықтан оқытуға көшті. Бұл туралы Altaynews жазды.

Үлкен-Нарын, Дамитов, Ақсу, Шыңғыстай, Новополяковка, Новохайрузовка, Барлық, Корбиха, Кіші Нарым мектептерінің 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылады. Сондай-ақ бұл қатарда Аққайнар мектебінің 0-4 сынып оқушылары да бар.

Айта кетейік, Катонқарағайда сынап бағанасы минус 30 градусқа дейін төмендеді.

Өзгелердің жаңалығы