Катонқарағай мен Зайсан әуежайлары қашан беріледі

Бөлісу:
Катонқарағай мен Зайсан әуежайлары қашан беріледі
Фото: Артём Чурсинов -архив

Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Көлік министрінен Арқалық, Катонқарағай мен Зайсан әуежайларының құрылысы аяқталатынын сұрады.

Президент Тоқаев өзінің Жолдауында Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай, Зайсан әуежайларын қайтадан қалпына келтіріп, аз орындық ұшақтар сатып алу жөнінде тапсырма берді. Дәл сондай мәселе Арқалық қаласындағы әуежайына да қатысты. Яғни, Арқалық қаласында, Катонқарағай мен Зайсанда әуежайды салып, аз орындық ұшақтарды қозғалысқа келтіру керек. Осы тапсырмалар қай мерзімде орындалады? – деп сұрақ қойды Мәжіліс депутаты.

Көлік министрі Марат Қарабаев әуежайлар қашан қолданысқа берілетінін айтты.

Біз екі жер бойынша ұшу-қону алаңын айқындадық. Катонқарағайда Солдатов деген жерде болады. Ал Зайсанда Сәтбай деген жерде болады. Екіншіден, біз оны қалай жасаймыз деп, тек қана ол жаққа Өскеменнен ұшатын өңірлік ұшу-қону алаңы бола ма кішігірім немесе үлкен жасаймыз ба деп көп ойландық. Толыққанды шешіміміз былай болды: 1000-1500 шақырымға ұша алатын Bombardier Q400 деген Qazaq Air-дің. Солардың ұшақтары ұша алатын үлкен ұшу-қону алаңын жасаймыз. Оның ұзындығы 2200 шақырым болады. Сонда Астанадан, Алматыдан тікелей Катонқарағайға, Зайсанға ұшу мүмкіндігі болады. Нақты мерзімге тоқталатын болсақ, биыл жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Келесі жылы толық құрылысын бастаймыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салынған Өнеркәсіпті қолдау қоры бар. Сол арқылы ATR деген арнайы ұшақтарды сатып аламыз деп отырмыз. Өйткені оған ұшатын бізде бомбардир деген 5 қана ұшақ болып тұр. Оған қосымша тағы да ATR-72 ұшақтарын сатып аламыз. Келесі жылы толығымен екі әуежайдың құрылысын аяқтаймыз, - деп жауап берді ол.

Сөзінше, Арқалықтың мәселесімен әкімдік айналысып жатыр. Премьер-министрдің жасаған сапары барысында әкімдік ұшу-қону алаңын басынан жаңғыртуға ұсыныс берді.

Оны Үкімет басшысы қолдады. Жобалық-сметалық құжаттаманы әкімдік өзі жасайды. Тағы да бюджеттен ақша бөліп ұшу-қону алаңын басынан жасаймыз. Оны да 2026 жылы бітіреміз, - деді Марат Қарабаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, депутаттар Мәжілістің Үкімет сағатында елдегі әуе компанияларының жұмысын сынап, билет бағалары сапаға сай келмейтінін айтып, Еділ Жаңбыршин Air Astana-ның билет бағасына қатысты саясатын сынап, оны реттеуді ұсынған еді.

Өзгелердің жаңалығы