Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катонқарағай ауданы «Согорное-Барлық» жергілікті жолының 16-шы шақырымын қар көшкіні жүрді, деп хабарлады Алтайньюс.
Ауа райының қолайсыздығы мен күннің бірден жылынуы салдарынан 1250 текше метрді құраған көшкін жүріп, аталған жол толықтай жабылған.
Абырой болғанда, зардап шеккендер болған жоқ.
Жергілікті атқарушы органдар жолды тазарту жұмысын жедел ұйымдастырды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі облыс тұрғындарына қар көшкіні қаупі бар кездері таулы аймақтарға бармай, көшкін жүруі мүмкін аумақтағы жолдармен жүрмеу керектігін еске салады.