Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Катон-Қарағайда Қызыл кітапқа енген қар барысы фототұзаққа түсті

16 Мамыр 2025, 17:26
523
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа түсті. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды.

Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел болып табылады. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы