Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий теңізіне құйылып жатқан қара сұйықтықтың құрамы тексеріледі.
Бұл туралы EcoMedia Telegram арнасы хабарлады.
Маңғыстау облыстық Экология департаменті осы факті бойынша жедел әрекет ету мақсатында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ға тиесілі ЖЭО-1 аумағына барды. Тексеру барысында атмосфералық ауа сынамалары алынды. Сондай-ақ су жинау каналындағы судан да сынама алынды, оның нәтижесі тексеріліп жатыр, – делінген ресми мәлімдемеде.
Судан алынған сынаманың талдау нәтижесіне қарап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім шығарылады.