Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Каспийде бекіре аулауға тыйым салу талабы 2026 жылға дейін ұзартылды

Бөлісу:

24-26 қараша аралығында Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында Каспий маңындағы бес мемлекеттің өкілдері Каспий теңізінің су биоресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссияның 9-шы сессиясында кездесті (Каспий комиссиясы), деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Каспий теңізінің су биоресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімді жүзеге асыру үшін құрылған болатын (Астрахань, 2014 ж. 29 қыркүйек).

Сессия барысында тараптар дәстүрлі түрде бірлескен су биоресурстарын кәсіпшілікпен жүзеге асыруды, олардың қорларының жай-күйі бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, елдердің өткен жылғы су биологиялық ресурстарын жасанды жолмен көбейту және қорғау саласындағы жетістіктерін, келешекке арналған жоспарларды талқылады.

Тараптар 2024 жылы су биоресурстарының квоталарын игеру, жасанды жолмен көбейту және балық қорларын қорғау жөніндегі іс-шаралардың қорытындысы, сондай-ақ жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша есептер ұсынды, жасанды жолмен көбейтуді жүзеге асыру кезінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын бірлесіп шығару мәселелері талқыланды, бекіре түсірілімін бірлесіп жасау туралы келісімдер расталды, 2026 жылға арналған бірлескен су биоресурстарын аулау көлемі келісілді.

Өзгелердің жаңалығы