Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Каспийде 57 браконьерлік оқиғаға тосқауыл қойылды

2 Қараша 2024, 15:37
581
Бөлісу:

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында қазан айында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, Каспий акваториясында 57 браконьерлік фактінің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ мына заттарды тәркіледі:

31 дана жүзу құралы;

70 км тор браконьерлік аулау құралы;

299 дана (1 765,1 кг) бекіре тұқымдас балық;

904 дана (2 165 кг) таза тұқымдас балық;

13 дана – итбалық.

Алды алынған залал сомасы шамамен 671 млн теңгені құрады. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді, - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы