Күдікті көрсеткен орынды кинологтар сүзіп шығып, құмға көмілген 5 полиэтилен орама тапты. Өңірдегі Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, теңіз арқылы заңсыз есірткі тасымалы биыл алғаш рет тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыс прокуратурасы өткізген жедел алдын алу шарасына шекарашылар да жұмылдырылды.
Осы аумақта есірткі заты көмілгені туралы жедел ақпар келіп түсті. Іздестіру шарасы кезінде «Алау» демалыс базасы маңында жерге көмілген пакет табылды. Ішінен кофе қаптамасына оралған есірткі заты шықты. Қоңыр-сарғыш түсіне, өзіне тән иісіне қарап, гашиш деген қорытынды жасалып отыр – деді ҚР ҚМА ЭТД аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Алексей Клименко.