Каспий жағалауында ондаған итбалық пен бекіренің өлекселері табылды

8 Мамыр 2023, 11:25
1430
Бөлісу:
Каспий жағалауында ондаған итбалық пен бекіренің өлекселері табылды
Фото: Lada.k

Маңғыстау облысының тұрғындары Каспий жағалауынан итбалық пен бекіре балықтарының өлекселерін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ. Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Өлекселерді жергілікті әуесқой балықшы Форт-Шевченко маңындағы жағалауға демалуға барғанда тауып алған.

Видеода ол итбалықтар, кефалдар, бекіре және басқа да балықтардың қаңқасы жағалауда шашылып жатқанын айтты. Кей жерлерде үш-бес өлексе жатқан. Өлекселердің арасында тіпті итбалықтардың күшіктері де бар.

Уақыт өте келе құм басқан тағы қанша өлексе бар!? Мен мұны бірінші рет көріп тұрмын! Бұл жерді экологтардың толық тексеруі керек екені анық! – деп шағымданды видео авторы.

Аталған жағдайға, экология министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді. 

7 мамырда итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, ветеринариялық инспекцияның, Қазгидрометтің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы шықты, – дейді баспасөз қызыметі. 

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алған.

Өзгелердің жаңалығы