Дағыстанда адамдардың сүйегі көмілген орын табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды.
Ведомствоның хабарлауынша, адам қалдықтары ХХ ғасырдың 30-жылдарына тиесілі болуы мүмкін.
Baza Telegram арнасының хабарлауынша, Махачкала мен Каспий теңізінің аралығындағы «Джами» қонақүйінің аумағында құрылыс жұмыстары кезінде 18 адамның қаңқасы табылған. Қаңқалардың бас сүйегінде оқ көлеміндей тесіктер анықталған.