Ақтауда Каспий теңізінің жағалауында Маңғыстау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған 1994 жылғы азаматты құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиғаға өз күшін жеткілікті бағаламағаны себеп болды.
ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, бірінші кезекте:
- ішімдіктен және есірткіден мас болған күйінде суға кіруге және шомылуға;
- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
- жүзу шекарасы белгілелерінің артынан жүзуге;
- жүзуге арналмаған заттарда жүзуге;
- балаларға ересек адамдардың қарауынсыз суға шомылуға тыйым салынады.