Каспий теңізіндегі итбалықтарға қауіп төнді

9 Ақпан 2021, 20:30
2672
Бөлісу:
Каспий теңізіндегі итбалықтарға қауіп төнді

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Каспий теңіздегі итбалықтарға қатер төнді. «Гидробиология және экология институты» мекемесі батыс секторының жетекшісі Тимур Баймұқанов осылай деп дабыл қағуда. 

Оның айтуынша, Каспийдегі мұзжарғыш кемелердің қатынасынан итбалықтардың күшіктері аналарынан ажырап қалып жатыр. 

Ол мұны әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан көрген. 

Тимур Баймұқановтың сөзінше, кемелер бұл сүтқоректілердің жатағынан алыс жүрулері керек. Бірақ ереже сақталмай отыр. 

Сондай-ақ қаңтар айынан қыс біткенше итбалықтар көбейеді екен. Маман дәл осы кезеңде оларға қорғаныш болуымыз керек дейді. 

Теңіз үстіндегі кемелер итбалықтарға аса зиян келтіреді. Олардың кесірінен итбалық күшіктері аналарынан ажырап қалып жатыр. Экологиялық заңнамада теңіздегі мұнай өндіру жұмыстары итбалықтар жасағынан қашықта жасалуы туралы баптар бар. Олар жасақты айналып өтулері керек. Алайда бұл заңнама  сақталмай отыр. «Гидробиология және экология институты» Каспий теңізінде кеме қатынасын ретке келтіру үшін Геология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсыныстар дайындап жатыр, - дейді мекеменің батыс секторының жетекшісі Тимур Баймұқанов.


Өзгелердің жаңалығы