Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы барысында айтты.
30 жыл ішінде Қазақстан жылнамасында көптеген жарқын беттер жазылды. Біз күн сайын алға жылжып, алдымызға жаңа өршіл мақсат қойдық. ҚХА-ның әрбір сессиясында мен осындай баяндамалармен сөз сөйлеймін және бұл туралы да үздіксіз айтып келемін. Барлық жетістіктерді тізіп шығу мүмкін емес. Бүгінде тұтас әлем қиын сынақты басынан кешіріп жатқан кезде біз елдің дамуын жалғастырып, экономиканы жаңғыртудамыз. Қараңызшы, жан-жақты тіршіліктің бәрі тоқтап жатыр. Біз кәсіпорындардың іргетасын қалап, жаңа қала қалыптастырып, Каспий теңізінде қазақстандық «Ривьераны» тұрғызудамыз. 1000 адамға арналған бір қонақ үй әлемдегі кез келген қонақ үйді шаң қаптырып кетеді. Анталиядан едәуір жақсы. Осындай тағы үш кешен және қазақстандық «Ривьера» болмақ. Біз мұның бәрін пандемия жағдайында жасап отырмыз. Бұл дұрыс, өйткені ертеңгі күн келеді және біз оған дайын боламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұған дейін, Елбасы қазақ тілін білуге, түсінуге деген ұмтылыс өте жақсы екенін айтқан болатын.
Айта кетейік, сессияның күн тәртібіне шығарылған тақырып - «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы».
Сессия жұмысына онлайн форматта 600-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында елдің барлық өңірінен келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.