Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Каспий теңізінде 4 балдық жер сілкінісі болды

16 Тамыз 2025, 22:55
872
Бөлісу:

Оның ошағы қанша шақырым тереңдікте жатқаны анықталды. Каспий теңізінде магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі 44 километрден астам тереңдікте болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.

Каспий теңізінде 44 километр тереңдікте магнитудасы 4 жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 8:22-де тіркелді, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Каспийде соңғы уақыттағы ең күшті жер сілкінісі 2023 жылғы 24 қарашада болған. Оның магнитудасы 5,2 құрап, эпицентрі 61 километр тереңдікте орналасқан еді.

Өзгелердің жаңалығы