31 Қаңтар 2019 2019, 10:51
31 Қаңтар 2019 2019, 10:51
2992
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын қабылдады.
«Конвенцияға сәйкес, Каспий теңізіне қатысты мәселелерді шешу Каспий маңы мемлекеттерінің құзыретіне ғана берілді. Каспий теңізінде Каспий бестігіне қатысы жоқ мемлекеттердің туы бар кемелерге, оның ішінде әскери күштерге жүзуге болмайды», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов.
Бұған қоса, министрдің айтуынша, Каспий теңізінің экологиялық жүйесі мен оның барлық компоненттері бүкіләлемдік қорғауға ие.
Сондықтан, теңіздегі кез келген әрекет теңіз бен оның биологиялық жағдайына зиян тигізбеуі керек.
Сенаторлар дауыс беріп, аталған заң жобасын қабылдады.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ